Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Өрнек негізгі мектебінде "Ұлы жеңіске 74 жыл" атты мектепішілік мерекелік іс-шарасы өтті

1 - жүргізуші: Бүгін - Жеңіс күні. Ұлы Жеңіске 74 жыл толды. Бүгін тағзым алаңына жиналған баршаңызды, бүкіл Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы, жай күні
Болса - дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны!
Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық..... (1 минут үнсіздік)
Құттықтау сөз
2 - жүргізуші: Құрметті қауым! Бүгін сахна төрі сіздер үшін! Мерекеге арнаған жүрекжарды өлеңдеріңіз, әдемі әндеріңіз, естелік әңгімелеріңіз болса кезектесе шығып айтуларыңызға болады.
1 - бала: Бақытқа байтақ елді бөлегендер
Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Төлегендер
Солардың қасиетті ерлігімен
Құлпырып, шешек атып көгерген жер
Біз, бір топ достар, батыр апамыз Мәншүк Мәметоваға арналған әнді айтып бергіміз келеді, қабыл алыңыздар.
Ән «Мәншүк батыр»
2 - бала: «Шығыстың қос жұлдызының» бірі Әлия Молдағұлова өзі сұранып соғысқа аттанғанда небәрі 17 жаста болыпты. Біз өз әнімізді Әлия апамызға арнаймыз.
Ән «Әлия»
2 - жүргізуші: Бүгінгі күн - мерекелердің төресі. Сондықтан біз қала көшелеріне еркін микрофон қойып, қала жұртшылығының мерекеге арнаған лебіздерін сұраған
едік, енді бір сәт кезекті құттықтауларға берсек....
Құттықтаулар (Бейнежазба)
3 - бала: Елімізді жаудан азат еткен ерлер ерліктері еріксіз тебірентеді: (өлең оқиды)
Сен құрметте оны!
Ә. Сәрсенбаев
Сен құрметте оны!
Түсіндің, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолында аяғын!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь