Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

«Физика – әлемнің кілті» атты физика пәні апталығы өтті.

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылы

 

         Сәуір айының 22-26 күндері аралығында «Физика – әлемнің кілті» атты физика пәні апталығы өтті.

         22.04.2019 жыл. Оқушылар жоспармен таныстырылды. Сонымен қатар, апталық қабырғасымен таныстырылып, түсініктеме берілді. Оқушылар арнайы дайындалған ребустарды шешіп, өздерінің белсенділіктерін көрсетті.

         23.04.2019 жыл. 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Физика тарихы» атты слайд-сабақ өткізілді. Слайд-сабақ барысында атақты физик ғалымдардың өмірбаяндары және олар туралы қызықты мәліметтер, ашқан жаңалықтары көрсетілді.

24.04.2019 жыл. 9-11 сынып оқушылары физикалық диктант жазды. Диктант физикалық өлшем-бірліктерді, формулаларды дұрыс жазу мақсатында жазылды.

25.04.2019 жыл. 7-8 сынып оқушылары арасында «Физика әлемінде» атты танымдық сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша, 1-орынды
7-сынып оқушылары, 2-орынды 8-сынып оқушылары иеленді. Оқушылар Мадақтамалармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

26.04.2019 жыл. 7-11 сынып оқушылары арасында «Физиканың жас білгірлері» атты қорытынды интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 11-сынып оқушысы – Эбишева Лаура, ІІ орын – 10-сынып оқушысы Айтжан Мади, І орын – 11-сынып оқушысы Сейтқас Әділет иеленді. Сондай-ақ, апталыққа белсене қатысқандары үшін 9-сынып оқушысы Шаймолда Ерасыл «Үздік формулатанушы», 7-сынып оқушысы Жаныбекова Айнур «Үздік өлшем-бірліктанушы» номинациясымен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған және номинациялар бойынша марапатталған оқушыларға ақшалай сыйлық табысталды.

Қорыта келе, апталық өз деңгейінде өтті. Оқушылар белсене қатысты.

Физика пәні мұғалімі: Кубетаева А.М.

 



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь