«Біз – табиғат қорғаны» айлығының ақпары
Наурыз айының 20-нан сәуір айының 19-ы аралығында жоспарлы түрде құстар айлығы өтті. Осы айлықта өткізілген іс-шаралар: бастауыш сыныптарда «Әлемде талай қызық бар» атты апталық өткізілді.
Орта буын оқушылары «Құстарды қорғау-табиғатты қорғау» атты суреттер көрмесіне қатысты, технология пәні мұғалімімен жемшашар, ұя жасады. Жоғары сынып оқушылары «Таңғажайып құстар» тақырыбында слайд шоу дайындап көрсетті. «Құстарды мүсіндейміз» тақырыбында картина, апликация,панно жасады. 8- сынып оқушылары «Біз білмейтін қанаттылар тақырыбында» қабырға материалын,10-сынып оқушылары «Құстар әлемі» тақырыбында қызықты деректер жинап бүктеме дайындады.
Сәуірдің 15 – і күні «Жас ұлан» ұйымымен кітапханашымыз «Қанаттылар әлемінде» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, «Құстар патшалығы» атты кітапша жасап шығарылды.
19-ы күні «Құстар – табиғаттың сәні» атты қорытынды кеште әр номинация бойынша оқушылар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Биология пәні мұғалімі: Тулебаева С.А




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау