Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Қазақстан Қарулы күштеріне 27 жыл

Сынып: 9
Тақырыбы: «Қазақстан Қарулы күштеріне 2
7 жыл»

Мақсаты:
1. Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
2. Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сайыс
Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, сабақтың эпиграфы жазылған плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз 1991 ж егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. Биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 27 жыл. Бүгінгі тәрбие сағатымызды Отан қорғаушыларға арнамақпыз.
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Ұландарым!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп, интеллектуалдық ойын - сайысымызды бастаймыз.
Тәрбие сағатымыз сұрақ – жауап, жарыс түрінде өтеді. Ал енді тәрбие сағатының жоспарымен танысыңыздар.
1. «Кім білгір» сайысы
2. «Байланысшылар»
3. «Ең епті саперлар»
4. «Әскери әншілер»
5. «Үздік барлаушы»
6. «Әскери тапограф»
7. Командирлер сайысы
Сіздерге әскери комисариаттан повестка келді. 2 - топтың қайсы үздік шықса сол топқа әскер қатарына Отан қорғауға да дайын екенін анықтаймыз.
1 - конверт Әскери академиядан келген сіздердің білім, біліктеріңді тексерейік.  

1 конверт сұрақтары оқылады.
Сұрақтар:
1 - ші 10 сұрақ
1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген. (Еліміздің ата заңы – Конституцияда)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
3. Өзіне тапсырылған постты күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауылды кім деп атаймыз? (Сақшы)
4. Қазақстанда 1942 - 45 ж ұлы соғысын басқарған ержүрек қолбасшы?(Б. Момышұлы)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 - тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат. (Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы                                                   (Рақымжан Қошқарбаев)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
9. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі.     (Маневр)
2 - ші 10 сұрақ
1. Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ. (аға лейтенант)
2. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (Жаяу әскер ұрыс машинасы БТР)
3. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы (Бауыржан Момышұлы)
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім?
(Президент Н. Ә. Назарбаев)
5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді (жалпы мақсаттағы күштер, әуе - қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер)
6. Суық қару түрлерін атаңыз. (Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
7. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418күн)
8. Адыммен қозғалыс қандай болады. (саптық және жорықтық болады)
9. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны (кадет корпусы)
10. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992жыл)
ІІ. Байланысшылар конкурсы: ұрыс алаңынан құпия сөз келіп жетті. Сөзжұмбақ шешу.

ІІІ. Саперлар сайысы:           Қолөнер. Қағаздан жасау.
ІV. Барлаушылар сайысы:
Әскери терминдердің әріптері адасып кеткен соны барлаушылар іздеп табуы керек.

Вдвоз, тальбаон, пзаасқа ышуғ,  ставкотаға ғшыу, еднсат, эоншел, фиделе,

Взвод, батальон  запаска шығу, отставкаға шығу, десант, эшелон, дефиле,т.б. жауынгерлік дайындық, соққы серіппесі, ұрыс позициясы, жауынгерлік хабарлама, әскери техника

уынжалікгер йындаыдқ -

 ұыср пицияозсы -

 қысоқ сепесріпі -

скеәри тикнаех

уынжалікгер бархамала

  1. «Әскери тапограф» сайысы. Бұл сайыстың шарты сайыскерлеріміз өздеріңнің мектептеріңнің картасын сызу. (Үстінен қарағандағы картасы)
    VI. Командирлер сайысы: Сұрақ - жауап (әр командирге төрт сұрақтан).
    1. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді? /теңге, 1993, 15 қараша/
    2. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? /1995 ж, 30 тамыз/
    3. Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала? /Орынбор/
    4. Мақалды жалғастыр:
    a. Отансыз адам -... (ормансыз ағаш)
    b. Отан үшін.... (отқа түс)
  2. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
    2. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/
    3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?/1991, 16/ХІІ/
    4. Мақалды жалғастыр:
    c. Отан.... ыстық. (оттан)
    d. Туған жердей – (жел болмас)
    Туған елдей – (ел болмас)

    VII«Әскер әншілері» сайысында бір - бірден карточка келіп аласыздар карточкада жазылған сөз әннің бір шумағының ішінде айтылуы керек.
    Сарбаз, Отан, атамекен.
    Мұғалім: Сонымен, кезекті әділ - қазылардың шешіміне берсек. Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:
    Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
    Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
    Қазағымның елін, жерін қорғайтын
    Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
    Міне, осындай егеменді еліміз,
    Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.
    Туған елін, туған жерін сүйетін,
    Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын. Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін алғысым шексіз.
    Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь