3-4-сыныпта «Аталар ерлігін мақтан етеміз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардабы,Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру және өздерінің аталарының ерліктерін әңгімелей отырып, мақтаныш сезімдерін тудыру, патриоттық тәрбие беру. Іс-шара барысында Қазақстан жерінен аттанған соғыс ардагерлерінің ерліктері таныстырылды. Олардың ерліктері ел есінде мәңгі сақталады. Оқушылар ән айтып, өлең жолдарын оқыды.