5-6 сынып оқушыларымен "Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбиелік іс-шараның мақсаты - білім алушыларға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, қазақ жауынгерлері мен батырлары туралы ақпарат беру. Тәрбие сағаты барысында оқушылар арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беріп, өздері салған суреттеріне таныстырылым жасады.