5-6-сынып оқушылары "Естен шықпайтын ерлік" тақырыбындағы плакаттар сайысына арнап өз суреттерін салды. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат - мектеп оқушыларына сұрапыл соғыс жылдары туралы ой салу. Сурет салар алдында оқушылар Ұлы Отан соғысы туралы мәлімет алды және өз туындылары жайлы пікірлерін ортаға салды.