12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай өткізілген «Жас космонавт» интеллектуалдық сайысы
«Тауағаш орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылы 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай өткізілген «Жас космонавт» интеллектуалдық сайысы үш кезеңнен тұрды. 1-кезең – «Күн жүйесі», 2-кезең – «Ғарышкерлер», 3-кезең – «Көшбасшы» деп аталды. «Күн жүйесі» кезеңінде ғаламшарлар бойынша сұрақтар қойылды. «Ғарышкерлер» кезеңінде ғарышкерлерге, өмір деректеріне, ғарышқа ұшу мезгілдеріне байланысты сұрақтар қойылды. Аталған екі кезеңде 10-50 балл арасында ұпайлармен бағаланды. 3-кезеңде ең жоғарғы ұпай жинаған екі оқушы зымыран сұрақтарға жауап беріп, 10-сынып оқушысы Айтжан Мади көшбасшылық танытты. Сайыс барысы алдын-ала сайланған әділ-қазылар алқасымен сараланып отырды. Сайыс соңында жүлделі 1-орын – 10-сынып оқушысы Айтжан Мади, 2-орын – 7-сынып оқушысы Жаныбекова Айнур, 3-орын – 10-сынып оқушысы Серғали Зухраның еншісінде кетті. Оқушылар өздерінің білімділіктерімен, алғырлықтарымен көзге түсті. Жалпы алғанда, сайыс өз деңгейінде өтті.