Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Ата-аналар жиналысы: Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздікті ата – аналар мен оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар ету

       Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар етуді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырады.
      Мемлекеттік органдар, ұйымдар өздеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі шеңберінде «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
       Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар және олардың салдары туралы ақпарат жария және ашық болып табылады.
       Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және құқық қорғау органдарына түскен төтенше жағдайлар туралы хабарламалар халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету үшін негіз болады.
       Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) алдын any мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және/немесе іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы кезінде оның сипаттарын көрсетіп, байланыстың барлық қолжетімді түрлері арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне қажетті ақпаратты дереу ұсынады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь