Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Тоқым қағар

Тоқым қағар —- ойын-сауық, салт ойыны, көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып «Тоқым қағар»ойынын бастаған. Әдетте ауыл адамдары ән, күй, айтыс секілді өнер түрлерін айта отырып, көбінесе, үй иесіне жолаушының оң сапарда болуын, қыздың бақытқа жетуін тілейтін жақсы тілектер айтысқан.[1]

Қонақ күтуде қазақтар туыс, жақын-жегжат, жора-жолдас, кездейсоқ жолаушы деп бөлмейді. Келген адамның бәрін қонақ етіп күту ата-баба заңы. Сондықтан да қазақтың бәріне бірдей: «Дастарқаннан биік ештеңе жоқ», «Нан ауыз тию», «Дәм тату», «Тізе бүгу» сынды тағы басқа да түсініктер баршылық. Қонақ күтудің салттарға байланысты түрлі жөн-жоралғылардың болуы да қазақ мәдениетінің, рухани байлығының биік көрінісі.

«Дәм татқызу» — қазақ үшін қасиетті ұғым. Қазақ әдетте жаңа отау көтерген жастарға— «Би болмасаңдар да – би түсетін үй болыңдар» дем тілек айтады. Бұл тілек бекерден бекер пайда бола салмаған. Билер қоғамда әрдайым сыйлы болған.  Себебі билерді көпшілік сайлайтын.

Тоқым қағу 
Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде «Тоқым қағар» тойы жасалады. Жиналғандар домбыра тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойын-сауыққа айналады.

Күлкі жеңбейтін жау жоқ. Күлкі адам өмірін ұзартады. Әжім тек күлкіден қалған із болу керек. Олай болса біздің сыныптың көңілді тапқыштардың өнерін тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: 
Біздің заманның Алдар көселері мен Қожанасырларын қарсы алыңыздар!
Көңілді тапқыштар өнері
Ақымақ ханзада
Ханзада: Мына халық неге шулап жатыр?
Уәзір: Өзіңіз білесіз, қазір дағдарыс қой. Жұмыс жоқ, халықтың қарны аш. Сондықтан да жұрт көшеге шығып, ереуіл жасап жатыр.
Ханзада: Қарны аш болса, нанға май жағып жемей ме?
Сараңдық
Мұғалім: Кезекші, бор қайда?
Оқушы: Бор жоқ, мұғалім
Мұғалім: Онда  Жансұлу Сапаровнадан  бор сұрап кел.
Оқушы: Жансұлу Сапаровнада бор жоқ екен
Мұғалім: Бар, Күлән Сабыровнадан  сұрап кел.
Оқушы: Күлан Сабыровнада  да бор жоқ екен.

Мұғалім: Ендеше шкафтағы өзіміздің борды алып кел

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь