29-наурыз күні мектеп кітапханасында жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, танымал қазақ және әлем балалары әдебиетін насихаттау, әдеби шығармалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, рухани және мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде «Кітап әлеміне серуендеу» атты тақырып төңірегінде оқушыларға сабақ өткізді. Адам өміріндегі кітапхана мен кітаптың алатын орны, кітаптан, журналдан, энциклопедиядан оқып білуге болатын қызықты оқиғалар жайлы айтқан кітапханашының сөзін балалар ықыласпен тыңдады. Оқушылар кітап жайлы өлеңдер оқыды, оқыған кітаптан алған әсері мен кітап оқудың пайдасы жайлы ойларын ортаға салып, пікірлесті. Шара соңынан «Кім көп біледі?» танымдық викториналық ойын өткізілді. Қатысушылар танымдық энциклопедиялар және әлем елдері мен таңғажайыптар туралы түрлі-түсті безендірілген кітаптармен үлкен қызығушылықпен танысты.