Жұмыстың жоспары:
І кезең «Кім жылдам?»
ІІ кезең «Кім тапқыр?»
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр»
IY кезең «Ойтолғау»
Қорытындылау
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар! Бүгінгі 2 сыныбында өткізгелі отырған «Ең ақылды оқушы» тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді тапқыштар мен білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім біледі? Көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.
Сонымен қарсы алыңыздар ең ақылды оқушылар!
№ 1
№2
№3
Оқушылар хормен:
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан жанымызда
Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Мұғалім:
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Дайынбысың жарысуға достарым
Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын – деп,
біз ойынымызды бастаймыз.
- Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:
Ойынға барлығы 3 ойыншы қатысады.
Ойын ережесі:
Ойын 4 кезеңнен тұрады.
І кезең «Кім жылдам?»
ІІ кезең «Кім тапқыр?»
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр»
IY кезең «Ойтолғау»
Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
Біз ойынымызды бастаймыз.
І кезең
«Кім жылдам?»
Экраннан 3 тақырып көрсетіледі.
1. « Ана тілі»
2. « Қазақ тілі»
3. «Математика»
4. « Дүниетану»
Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы бойынша берілген 1 минут ішінде экранда көрсетілген сұрақтарға жауап қайтару керек.
Бұл кезеңде ұпайды көп жинаған 2 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
Ана тілі
1.“Оқуға шақыру ” кімнің өлеңі
2. М.Шаханов айтқан төрт ананы ата
3. Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата. Авторлары кім?
4. М.Мақатаевтың бір өлеңін жатқа оқы
5. «Таза бұлақ » әңгімесінің авторы кім? Не туралы айтылған.
6. «Бір кесе меруерт» әңгімесі туралы айтып бер
Қазақ тілі
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)
2.Тұрлаулы мүшелерді ата? Анықтамасын айт. Қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Міне, нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (лепті сөйлем)
4.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (жұрнақ)
5. Жалаң, Жайылма сөйлем дегеніміз не?
6. Туынды сөздер қалай жасалады?мысал келтір
Математика
1. Математикада неше амал бар? (4)
2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)
3. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін (дөңгелек)
4. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата?
5. Тік төртбұрышьың периметрін қалай табамыз?
Ені 4 см, ұзындығы 5 см
6. Тік төрт бұрыштың ауданын қалай табамыз?
Ені 6 см, ұзындығы 5 см
Дүниетану
1. Адам өміріне не қажет?
2. Пайдалы қазбалардың қандай түрлерін білесің?
3. Қандай құрылыс материалдарын білесің?
4. Ауаның құрамы қандай?
5. Көкжиек дегеніміз не?
6. Күн сәулесінің қандай маңызы бар?
Мұғалім:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз келесі кезеңіне кезек береміз.
ІІ кезең
«Кім тапқыр?»
1. Тұла бойы – ине,
тұмсығында – түйме. (кірпі)
2. Ақ көрпесін тұйықтап,
қыстай жатыр ұйықтап. (қар)
3. Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (сағат)
4. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз)
5. Құйттай ғана бойы бар,
Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші)
6. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан аулайды,
Көзі шамға ұқсайды. (укі)
ІІІ кезең
«Тапқыр болсаң тауып көр»
Қызыл, сары, көк түстің бірін таңдап. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.
Қызыл түс сұрақтары:
1. Суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесің?
2. Қазақтың тұңғыш палуаны кім?
3. Қандай кенді «қара алтын» дейміз?
4. 4 санының көбейту кестесін айт.
5. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары?
6. 44:5 есепті қалдықпен бөл
Көк түс сұрақтары:
1. «Ақ алтын» деп нені айтамыз?
2. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға,
ара. Аспанда неше құс ұшып жүр?
3. «Кірпік қақпады» - деген сөз тіркесінің мәнін түсіндір
4. 6 санының көбейту кестесін айт
5. 73:8 есепті қалдықпен бөл
6.«Көзге ілмеді»- сөз тіркесісің мәнін аш.
Сары түс сұрақтары:
1. Бұл қай бидің суреті?
2. Иілген ұзын мойынды ,ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс.
3. Самаурындағы су қайнағанда азайып ортаяды. Неге?
4. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір:
Қол ұшын берді
5. Серік Сапиев қай спорттың шебері?
6.7 санының көбейту кестесін айт
ІY кезең
Ой толғау
«Ана», «Табиғат» сөздеріне ойтолғау айту
«Әдептілік», «Адамгершілік» сөзіне сөздер құрау
Қорытынды:
Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.
Марапаттау.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау