22 наурыз 2019 жылы Тауағаш орта мектебінде «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараны мектеп ауыл тұрғындарымен өткізді. Наурызға арналған мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би биледі. Қазақтың салт-дәстүрінен де көріністер көрсетті. Мекрекелік бағдарламада келген қонақтар арасынан «Ең үздік күй», «Ең үздік ән» байқаулары бойынша жүлдегерлер анықталып, сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар «Супер Келін» сайысы өткізілді. Ауылдың келіндері қатысып өз өнерлерін жан-жақты көрсете білді. Бірнеше сайыс бойынша бағаланып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Бірнеше спорттық ойындар ойнатылып, жүлделі орын алғандар жақсы сыйлықтармен марапатталды.
Мектеп директорының ТІЖО: Сагандыкова Ж.С.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау