Шілдехана дегеніміз не ? жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.
Базарлық деніміз – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелетін сыйлығы.
Бесікке салу дегеніміз – жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, баланың алтын ұясы болып есептеледі.
Асату дегеніміз – ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалармен жігіттерге асатады.
Тұсаукесер дегеніміз – сәби қаз – қаз тұрғаннан каейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалынатын ғұрып.
Ат қою дегеніміз – Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып, батасын алған.
Шашу дегеніміз – қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.
Ерулік дегеніміз – басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғыни қонаққа шақырады.
Енші дегеніміз – балалар ер жетіп, жеке үй болғанда ата – анасы дүние – мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады.
Аманат дегеніміз – Бір адамның екінші біреуге берген аманаты.
Бет ашар дегеніміз не? Беташар деп жаңадан түскен келіннің бетін ашу салтын. Бет ашарды ауылдың беделді, сыйлы адамына өткізетін болған.
Қырқынан шығару дегеніміз – Баланың туғанынан 40 күн толған соң оны ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып, енді өсуіне деген ақ тілекпен шыққан.
Тілашар дегеніміз ол – Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу – жабдықтарын дайындап шағын той өткізеді. Мұны «тілашар тойы» деп атайды.
Байғазы деп - балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай не заттай сыйлық.
Сыбаға деп – Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын жуығына сақталған кәделі ет мүшелері «сыбаға» деп аталады.