Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Гүл шоғын жасау байқауы.

Ал, қазір біз мынадай гүл жасаймыз. (дайын гүл шоғын көрсету) Ол үшін: көк, жасыл түсті қатырма қағаз, қайшы, гипс, сым, акварель немесе гуаш, қылқалам қажет.
- Жұмыс орны дайын ба?
- «Көктікен» гүлі бес бөліктен тұрады.
1.- Гүл күлтесі.
2 - гүл ұрығы.(аталығы)
3 - сабағы.
4 - жапырағы.
5 - гүл.
Көктікен гүлін дайындаудың реті:
1. Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз.
2. Дөңгелектерді суреттегідей етіп әрлейміз.
3. Өсімдіктің аталығын жіңішке сым темірден жасаймыз.
4. Аталық табиғи түрге ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз.
5. Содан кейін барлық үш дөңгелекті гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз.
6. Сабақты жұқа жасыл түсті қағазбен ораймыз.
7. Жапырақ сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.
Міне, дайын болған «Көктікен» гүлінің үлгісі. Көрсетілген рет бойынша мұғаліммен бірге қайталап жасау. Жасап болған соң мұғалім берген қағазға қасындағы көршісіне 1-2 сөзден тілек жазу.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь