Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

«Алғыс айту күнін өткізуге арналған мерекелік іс-шара

 

«Тауағаш орта мектебі» КММ

2018-2019 оқу жылы

«Алғыс айту күнін өткізуге арналған мерекелік іс-шараларға

ақпар

25.02.2019 жылы Сабитов Қ.М. 10-11 сынып оқушыларымен  «Біздің күшіміз достықта» тақырыбында достық сабағын өткізді. Оқушылар елімізде тұратын әр ұлт өкілдеріне тоқталып, достық, бірлік жайлы сөз қылды. Мектеп түлектері болашақта жаңа өмірге қадам басқанда басқа ұлт өкілдеріне деген көзқарастарымен бөлісті.

27.02.2019 жылы сынып жетекшілер «Шын жүректен алғыс» тақырыбында алғыс айту күніне сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар әр тілде алғыстарын білдірді.

28.02.2019 жылы «Жас Ұлан» ұйымы «Жалғыз басты зейнеткерлерге көмек» Науқаны барысында  зейнеткер Байсеитова  Қ.  апаға  көмек көрсетілді.

01.03.2019 жылы «Ұлттық шығармашылық және сәндік қолданбалы көрме»  фестивалі өткізілді. Пән мұғалімдері оқушыларды қатыстырып түрлі қол өнерден бұйымдар жасады.  «Біз сіздерге ризамыз» тақырыбында суреттер көрмесі өтті.  Оқушылардың салған суреттерін ілініп, жақсы деген суреттер ерекше аталып өтті.   «Әр ұлттың ұлттық тағамдар фестивалі» мектепте жәрмеңке өткізілді. Оқушылар өздері қолдан жасаған бұйымдарын, өздері дайындаған тағамдарын сатты. Кей оқушылар тегін беріп, алған адам өз алғысын білдірді.  «Қазақстандағы әр ұлттың ұлттық балалар ойыны фестивалі» спорттық спартакиада өткізілді. 5-7 сынып оқушыларымен спорттық сайыс өткізілді.   «Аналарымызға алғысымыз шексіз» 5-11сынып оқушыларымен сынып жетекшілер сынып сағатын өткізді.  Оқушылар аналарына деген алғыстарын суреттер арқылы, коллаж жасау арқылы білдірді.  1-4 сынып  оқушыларымен  «Көрші хақысы»  тақырыбында көршілердің жетістіктері жайлы әңгіме жүргізілді. «Қайырымды ел»  тақырыбында әлеуметтік педагог Қайырымдылық акциясы өткізді. Мұғалімдер көп балалы отбасынан шыққан және әлеуметтік қорғалмаған балаларға көмек көрсетті.  «Балдырған» шағын орталығында да «Алғыс - жүректен шығады» тақырыбында тәрбие сағаты  өткізілді. Бүлдіршіндер алғыс айту күніне өз алғыстарын айтты.

                                        

Мектеп директорының ТІЖО: Сагандыкова Ж.С.

 






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь