Дене шынықтыру сабағында оқушылардың қимыл-қозғалыс үйлесімділіғі мен дағдысын қалыптастыру
Дене тәрбиесі өркениетті қоғамда дене табиғатын қалыптастыруға бағытталған адамның мақсатты қызметі мен оның нәтижесі ретінде қарастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі оқушыларды пәндік және интелектуалдық тәрбиелеудегі педагогикалық процесс ретінде ұғындырылады. Қазіргі таңдағы ғалымдарымыз оқушылардың тәуліктік қозғалыс белсенділігі ең кемі екі сағат болуы керек деген тұжырымдама ұсынған кезде, тек қана дене тәрбиесі сабағына емес, таңғы гигиеналық гимнастика спорт түрінен жаттықтырулар күн тәртібіндегі сауықтыру шаралары әр түрлі жарыстар, саяхат, жорықтар өткізіліп тұрулары қажет деп ойлаймыз. Германияда 1937 жылдан бастап бес күн дене тәрбиесі сабағы өткізіле бастаса, ал қазіргі қезде барлық өркениетті елдерде күнделікті дене тәрбиесі сабақтары жүргізілуде. Демек, «Азия барысы» болғалы отырған біздің елде де сондай күндер туады деген үміттеміз.