Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі
Биыл мемлекетімізде ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке пайда болды. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Елбасы Жарлығымен «1 наурыз-Алғыс айту күні» болып бекітілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында ұлттар бірлігі нығая түспек. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл бір мүддеге біріккен халықтың ғана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатындығын көрсетті. Елбасы ұсынған бес реформаның төртіншісі «Біртектілік пен бірлік» деп аталады. Ол түрлі тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностардың «Мәңгілік ел» идеясының төңірегіне топтасуын көздейді.