2019 жылы 18-22 ақпан аралығында «Тауағаш орта мектебі» КММ-де 5-11 сыныптар аралығында «Қазақ ұлтының төл шежіресі» атты тарих апталығы өтті. Жоспарға сәйкес аптаның бірінші күні «Шежіре туралы жалпы түсінік» атты баяндама оқылды және оқушыларды жоспармен таныстыру. Екінші күні «Электрондық шежіре» сайтына тіркелу 5-11 сыныптар аралығында информатика кабинетінде интерактивті тақтамен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Үшінші күні 9-11 сыныптар «Құқық тарихтың ажырамас бөлігі» атты презентациялық материал ұсынылды. Төртінші күні 6-8 сыныптар аралығында «Жеті атасын білмеген жетесіз» атты тақырыбында пікірталас өтті. Аптаның соңғы күні 5-11 сыныптар және әділ-қазылар мүшлерінің қатысуымен «Шежіренің қазақ тарихында алар орны» атты қорытынды кеш өтті. Қорытынды кеште апта бойы белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Жауапты мұғалім: Тогаев А.У




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау