Ақпанның 21 күні 5-сыныпта "Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз" тақырыбында сынып сағаты өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты - білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың салдары мен зардаптарын ұғындыру, жемқорлыққа қарсылық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушылар осы тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді. Тәжірибеден өтуші болашақ жас маман Илюбаев Аянбек Сәулетұлының көмегімен әр түрлі жағдаяттар бойынша көріністер көрсеткен білім алушылар сынып сағатының соңында өздерінің сыбайлас жемқорлық туралы тың ақпараттар алғандығын айтты.