Туған халқы туралы қай ақын толғанысқа толы отты жырларын арнамады дейсіз. Есләм да осы тақырыпқа келгенде асқақ пафоспен ой толғап, терең тебіреніске түседі.
Халқым – Анам! Биігім! Тереңім де!
Дария сынды тербелем кемерімде.
Еркелігім қашан да жарасады,
Ол болмаса, басқаға керегім не?!
Халқым – Әкем!
«Мөлдірім» тұнығым да!..
Құдірет-күш жатқандай бұл ұғымда.
Әкем барда, ақиық қырандаймын,
Тастүлекпін түлеген тұғырымда, – деген Есләм ақын туған халқын Анам, Әкем дей отырып, адамзат ұғымының ең ұлық, ең қасиетті ұғымдарына бойлай түсіп барып, өзінің де сол халқымен тамырластығын, «ол болмаса, басқаға керегім не» дегендей кесімді де кесекті пікірге табан тірейді. Бұл шын мәнісінде халық деген қасиетті қара қайнардың қуат күші мен қадірлі қасиетін сезіне де сене білген жүректің, ақын жүректің берік байламы ғой дейсің.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау