11.02.2019 жылы Тауағаш орта мектебінде Ауғанстаннан совет әскерінің шығарылғанының 30 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар аясында спортзалда 8-9 сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Шокаев Жанайдар Өмірсерікұлы оқушылармен жақсы деңгейде ұйымдастырылған эстафеталық ойындар ойнатты. Жеңімпаз оқушылар ерекше аталып, мадақтамалармен марапатталды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Шокаев Ж.У.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау