14.02.2019 жылы Тауағаш орта мектебінің оқушылары, яғни «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері және аға тәлімгер Кощигулова Ж.М. Ауғанстаннан совет әскерінің шығарылғанының 30 жылдығына орай аулымыздағы Ауған соғысының ардагері Балгожин Қайырбай Төлегенұлының үйінде кездесу өтті. Оқушылар өз шығармашылығын көрсетіп, өлеңдер оқыды, ән айтты, би биледі. Мектебіміздің түлегі бүгінгі күні Ұлттық Әскери институттың І курс курсанты Жуматаев Айберген Алтайұлы Қайырбай ағаны құттықтады. «Жас Ұлан» ұйымының Президенті 10-сынып оқушысы Серғали Зухра Қайырбай ағаға мектеп атынан естелікке сыйлық табыстады. Ауған соғысының ардагері Қайырбай аға өзінің қуанышын, алғысын оқушыларға білдірді. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Өз ойларын ортаға салып, ауған соғысының ардагері де, оқушылар да дән риза болды.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау