Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Республикалық ғылыми жобалар байқауы 20 жылда алғаш рет онлайн режимде өтеді

ҚР БҒМ республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК базасында 13-16 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізеді. Биыл республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысушы балаларға «Бөбек» білім беру және сауықтыру орталығының инфрақұрылымы берілді.

Биыл алғаш рет байқаудың ашық әрі айқын өтуі үшін «Дарын» РҒПО онлайн-трансляция ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл - оқушылардың ғылыми жобаларын қорғау кезінде барлық секцияларда бір уақытта  бейне-трансляция жүргізу бойынша алғашқы тәжірибе. Онлайн-трансляция Қазақстан Республикасының білім беру Ұлттық платформасында қолжетімді болады https://edu.mail.kz/services/online/. Пәндер бойынша секцияларды төмендегі сілтемелер арқылы көре аласыздар:

 

  1. Физика
  2. Техника
  3. Наука о Земле и космосе
  4. Математика
  5. Прикладная математика
  6. Информатика
  7. Экономика
  8. Биология
  9. Химия
  10. Охрана окружающей среды и здоровья человека
  11. История
  12. Человек и общество
  13. Краеведение
  14. Литература
  15. Әдебиет
  16. Этнокультуроведение
  17. Языкознание
  18. Тіл білімі
  • 13 ақпан (сағат 14:00-15:00), (сағат 16:00-19:30)
  • 14 ақпан (сағат 9:00-18:30)
  • 16 ақпан (сағат 11:00-13:00)

Байқаудың ашылу салтанаты 13 ақпан күні сағат 14.00-де Алматы қаласы Оқушылар сарайының мәжіліс залында өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әр бөлімде қазылар алқасының пікірі мен ұсыныстары ескеріле отырып жүргізіледі.

Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 87017110766,                     8 (7172) 29-52-32, 29-50-76; 8 (7272) 62-78-62.

 

Анықтама үшін. Байқау оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі. Қазылар алқасының құрамына отандық ЖОО-лардың педагог-ғалымдары кіреді. Байқау жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқау төрт бағыт бойынша өтеді: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан-2050 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары». Байқаудың қорытынды кезеңінде 811 жас зерттеуші 625 ғылыми жобаны таныстырады. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар арасынан 2019 жылдың 12-17 мамыр аралығында Феникс қаласында (Аризона штаты) өтетін «Intel ISEF-2019» халықаралық ғылыми жобалар байқауында жұмыстарын таныстыратын еліміздің құрама командасы құрылады.

 

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь