«Ауғанның отты жалыны» атты әндер байқауы өткізілді.
2019 жылғы 11 ақпанда Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай, 5-9 сыныптар арасында арасында «Ауғанның отты жалыны» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. 1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып, әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетсе, мүгедек болып қалғандары қаншама!