«Жүректен – жүрекке» тренингі
Тренинг сабақ
Мақсаты:көңіл-күйді көтеру және жағымды сезім мен эмоцияны қалыптастыру.
Көрнекіліктер:жұмсақ ойыншық, А4 ақ парақ қағазы, әр түрлі смайликтер, түрлі-түсті қарандаштар және қағаздар, ақырын әуен ойналады.
Сабақ барысы:Сәлемдесу, балалардың көңіл-күйлерін сұрау.
Сәлеметсіздерме балалар? Қалдарыңыз, көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгін күн қандай тамаша. Балалар сіздердің көңіл-күйлерің жақсы болса бүгінгі сабағымызды бастайық. Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Балалар сіздер ойын ойнағанды жақсы көресіздер ме?
Балалардың пікірін тыңдау. Олай болса балалар бүгінгі біздің ойын сабағымыздың тақырыбы«Жүрек жылуы»деп аталады. Балалар сіздер бұл сөздің мағанасын қалай түсінесіздер? Балалардың пікірлерін тыңдау.
Ойын ережесі:Тақтаға үлкен ақ жүрек ілінеді.
1-жаттығу: «Мен»бейнесі.
Әрбір қатысушыға «Мен» әр балаға А4 ақ қағазы беріледі. Балалар ақ қағазға өзін қалай бейналайді, солай қағаз бетіне түсіреді. Балалар салған суреттерімен алмасып,өз пікірлерін көршілерінің суреттеріне жазады (сен әдемісің, әдептісің, мейрімдісің, ақылдысың т.б.).
«Кел ойнайық»сергіту сәті
1.Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.
2.Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
3.Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
4. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендеріңіз, аяқты еденге соғайық.
5. Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.
6. Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар.
7. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық.
8. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын десеңіздер бір-біріміздің қолымызды алысайық.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау