28 қаңтардан бастап, 01 ақпан аралығында мектебімізде бастауыш сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» апталығы өтті. Апталық төменде көрсетілген тақырыпта өткізілді.
Мақсаты:танымдық қызығушылық, сыни ойлау, өзін-өзі реттеу дағдылары жетіледі ,қарапайым мәселелерді шешуде білімін қолдануға жағдай жасалады
Жоспарға сәйкес өткізілген тапсырмалардың оқушылардың пікірінше ерекше атап өтуге болатын жұмыстар шығармашылық тапсырмалар, апталықтың қорытынды кеші. Бұл тапсырмаларды орындау қызықты болғаны айтылды. Шығармашылық тапсырманы жоғары сапада дайындаған 4-сынып оқушылары марапатталды. Сондай ақ жас ерекшелігіне сай дайындап өз таныстырылымдарын сауатты қорғаған 3-сынып, 1-сынып оқушыларына «Алғыс хат» жарияланды .Қорытынды кештегі әр тапсырманың ережелері түсінікті,бағалау критерий мен дескрипторға сай болды. Нәтижесінде кешке қатысқан үш топ бес түрлі тапсырма орындады. Жоғры 30 балл жинаған 2-сынып оқушылары бірінші орын, 3-сынып оқушылары екінші орын, 4-сынып оқушылары үшінші орын иеленді. Апталық өз мақсатына жетті.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау