Бұл мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға жатады. Билігін асыра пайдалану, әдетте, жоғары тұрған лауазымды адамның не өзге идараның лауазымды өкілінің құзыретіне кіретін, сондай-ақ, құқыққа сыйымды болып саналатын белгілі бір шарттары сақталмаған іс-әрекеттерді істеу (мысалы, жағдайды ескермей қару қолдану және т.б.) түрінде көрініс табады. Әр бап тармағы бойынша әр қилы жаза қолданылады. Билігін асыра пайдалану адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіру, мүлікті бүлдіру не жойып жіберу, т.б. ауыр салдарларға соқтырады.