Осы қаңтар айының 21.01- 25.01 аралығында «Тауағаш орта мектебі» КММ орыс тілі және орыс әдебиет пәні бойынша «Сила природы и искусства» деген тақырыпта апталық өтті.
Дүйсенбі күні 5 – 11 сыныптар аралығында апталықтың ашылуы болды. Сейсенбі күні 7 – 8 сыныптар аралығында «Писатели и поэты о живой природе» тақырыбында викторина өтті.Сәрсенбі күні 5 – 6 сыныптар аралығында «Природа – сила красоты» тақырыбында сурет салу сайысы өтті. Бейсенбі күні 8 – 11 сыныптар аралығында «Отражение чувств и мысли в гармонии» тақырыбында жатқа айту сайысы өтті. 23.01 күні өткен сурет салу сайысында 5 сынып оқушысы Ерсайын Аружан өзінің табиғаттың төрт мерзімін аппликация арқылы жеткізді. Ал 5 сынып оқушылары Қапез Жансая,Абильмажинова Ақнұр және Молдыбаев Жан сурет салу арқылы табиғаттың төрт мезгілін ашты. Жұма күні осы 21.01 – 25.01 аралығында болған апталықтың «Искусство слова» атты қорытынды кешпен аяқталды. Бұл кешке 5 – 9 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. Кеште оқушылар осы апталықтың тақырыбын ашатын қойылымдар қойды. Қызықты ойындар және би мен ән де болды.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау