Мемлекеттік ЖОО-лар басшыларын анықтау бойынша комиссия отырысы өтті
Мемлекеттік ЖОО-лар басшыларын анықтайтын республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті. Оның құрамына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Жиында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының лауазымдарына кандидаттарды анықтау мәселесі қарастырылды. ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев конкурс рәсімі туралы қысқаша түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ЖОО-лардың байқау кеңестері мүшелерінің кандидаттарды тыңдау нәтижелері туралы баяндады.