

Жаңа жылға арналған сценарий
1 — жүргізуші: Құралай
— Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 — жүргізуші: Ақжүніс
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.
1 — жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмеген де арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 — жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 — жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 — жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 — жүргізуші: Байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой.
Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар.
Қане ашып көрелік., қане сен ашып көр.
1 — жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде қораптың ішін бірге ашайық.
2 – жүргізуші: Жарайды, мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
/ Шырша түбіндегі қораптың ұялы телефон жатады. Телефон шырылдап қоя береді./
1 — жүргізуші: Алло бұл кім екен?
/Телефонның ар жағынан дауыс естіледі. /
— Айдана: Алло ,Құралай, Ақжүніс, мынау есікті аша алмай тұрмыз. Абай ағай кілтін де бермей жатыр. Есікті тек ғажайып шырша ғана аша алады.
— Қалай ?
— Айдана: Шырша түбінде ұстаздарға арналған сұрақтар бар. Сол сұрақтарға олар жауап айтқан сайын, есік ашылады екен. Оны бізге Маржан мұғалім айтты. Тездетіңдерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз!!!
— Құралай: Жарайды, жарайды, біз қазір бастап жібергенбіз. Сіздерді де ішке кіргіземіз!
— Құралай, ендеше сынып жетекшілерді ортаға шақырып, тездетіп сұрақтарға жауап алайық.
/шырша түбінен сұрақтар оқылған сайын бір –бір сыныптан кіре береді/
Ақжүніс: 1 сұрақ: Ғалия мұғалім, сіздің тұрғыңыз келетін материк қайсы?
Жауап :————————————————————————————————
Сізде оқушыдан тұратын сынып қай сынып?
Жауап: 8 сыныбы
/ 8 сыныбын Ғалия мұғалім жариялап ортаға шақырады. 8 сынып оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/
Құралай:2 сұрақ: Зауреш мұғалім сіздің сүйіп тыңдайтын әніңіз қай ән? Сол әннен бір шумақ орындап беріңізші келесі сыныптың ішке кіруіне көмек беріңізші!
Жауап:————————————————————————————————
/ 7 сыныбын Зауреш мұғалім жариялап ортаға шақырады. 7 сынып оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/
3 сұрақ: Абай аға сізге тәтті торт сыйлаған қай сынып?
Жауап:——————————————————————————————————
/ 5 сыныбын Абай мұғалім жариялап ортаға шақырады. 5 сыныбының оқушылары қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/
2 жүргізуші: — мынау келе жатқан тағы кімдер екен? Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
Клоун1 /Айбек/: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2 /Айғаным/: Сәлем, сәлем достар!
Клоун1: /Айбек/ Жаңа жыл құтты болсын! Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдік. Қалай қарайсыңдар!
Клоун2: /Айғаным/Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Солай ғой достар!
1 — жүргізуші: — жә, жә қандай қызықтарыңыз бар!
Клоун 2 /Айғаным/:
Қатал емес, мейірімді.
Қатты емес, әділетті.
Қыстай қатты суық емес,
Тілегі ыстық, тәп — тәтті.
Ол кім: Мектеп директоры Тоқпанов М.С.
2 – жүргізуші: Дұрыс айтасыздар!
1-жүргізуші: Құрметті жамағат “Жақсы сөз — жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Тоқпанов Мейрам Саттарұлына сөз береміз.
2-жүргізуші: Келесі тілек оқу ісінің меңгерушісі Омарова Айгерім Марданқызына сөз берейік.
1-жүргізуші: « Ақтас-Агро» шаруашылығының басшысы __________________________ беріледі.
1 – жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.
Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын!
Доңыз жылы:
Туғызар айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Әкеліп бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі
Клоун 2 /Айғаным/: Достар, сіздердің көңілдеріңді жақсы тілек бір көтерсе, біздің әнімізбен тағы да бір көңілденіп алайық. Ендеше ортаға барлық оқушылар қатар тізіп тұрасыздар. Бастадық!
/ 1 клоун оқушыларды ГАнгНам Стайл әніне билетеді. Барлық оқушылар бірге флеш моб билейді/
1 жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
2- жүргізуші: — Жаңа жыл – Доңыз жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
1 жүргізуші:- Ақжүніс біз осы бір нәрсені ұмытып кеттік қой!
2- жүргізуші: — Нені ұмыттық!
1 жүргізуші :-Осы біздің сынып жетекшілеріміз қайда екен, сен оларды көріп тұрсың ба?
2— жүргізуші: — Ия, ия, мен де оларды таппай тұрмын? Балалар апайларымыз қайда?
1 жүргізуші — Ия , олар жаңа жылдық шыршаға дайындалып жүрген болар?
2— жүргізуші: — Ой мынау Айгерім апай ғой. Апай сәлеметсіз бе? Жаңа жылыңызбан?
— Айгерім: Ия, Сіздерді де, жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
-Бірақ сендердің мұғалімдерің менде жұмыста.
-Қалайша Сізде жұмыс бар ма?
-Иә, иә. менің жеке мектебім бар, онда менің оқушыларым оқиды. Сендердің мұғалімдерің сонда жұмыс істейді.
-Сіз оларды жіберу үшін біз не істейік.
-Жақсы, менің сендерге бір тапсырмам бар соны орындасаңдар мен мұғалімдеріңді де Аяз атаны да шақырамын.
-Жақсы, біз келісеміз!!! Солай ма достар, онда бастайық.
ТАПСЫРМА...
-Өздеріңді жақсы көрсеттіңдер, Барлығыңа Жаңа жылда денсаулық, бақыт және табыс тілеймін. Енді мұғалімдерді шақырайық.
Ән: « ». __ сынып қыздары
1-Жүргізуші:
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтық несібесін!
2 жүргізуші: — Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын !
1-Жүргізуші: — Балалар біздің шыршаның Аяз атасы келді!
Айғаным: -Бірақ оны Айдана менің шартымды орындасаңдар беремін деп жібермей жатыр екен. Орындайсыздар ма?
Оқушылар: Ия, ия!!!
Айғаным: Айдана біздің мерекеге қош келдіңіз. Ақ тілегіңізбен бірге , өз шартыңызды айтып берсеңіз. Балалар Аяз ата мен Ақша қарды сағынып қалды!
Айдана: — Сәлеметсіздер ме? Сіздерді Жаңа жылмен шын ниетпен құттықтаймын!
Менің шартым. бастауыш сыныптар маған өнерлерін көрсетулері керек.
1-4 сыныптар
/ Балалар кезек – кезек өнерлерін көрсетеді/
Айдана:— Ал балалар, сіздер өте талапты, өнерлі екенсіздер. Енді менімен бірге Аяз атаны шақырып алайық!!!
-Аяз ата, Аяз ата……..
/Аяз ата келмей қояды. Сонда Айдана сөз алады/
Айдана:
— Балалар Аяз ата өте алыста, сондықтан оған тек сиқыр ғана жетпей тұр. Ендеше сіздер көздеріңізді қатты жұмып іштей тілейсіздер.Содан соң, мен сиқырлы таяқшамен оны алып келемін. Жарайма ?
— Ия, ия, ия….
— Сіздер 1 2 3 деп көзді жұмып қатты дауыстап айтыңдар.
— 1 2 3
/Осы кезде алдын ала дайындалған үлкен қорапты тұрған Аяз ата мен Ақша қар жарылғыш фантикті атып кеп жібереді де, қораптың ішінен шығады./
Аяз ата: — Сәлем балалар!!!
Оқушылар – Сәлеметсізбе!!
Аяз ата: Бізді күтіп қалдыңдар ғой!
— Ия,ия
\Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді/
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер
/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
/Аяз Ата оны жұбатып тұрып/
— Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар өнерлеріңмен шаттарандырып жіберіңдерші!
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
1 жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
2 Жүргізуші:Бір жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сол кезде Ит жылы келеді де, сиқырлы таяқты тауып алғанын айтады./
Аяз Ата: Жарайсың, ескі жыл, ит досым! /бетінен сүйеді/
1 жүргізуші:
— Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік.
/ Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жағады/
Ән: «____________»
1 жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда — жаңа жыр.
шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Аяз Ата:
— Мен сіздерге осы мерекенің белгісі Жаңа жылды ала келдім. Қарсы аласыздар ма!
— Ия,Ия…
Аяз ата: Ендеше маған өнерліріңді көрсетесіздер!!! Келісесіздер ме!!!
— Ия, ия…
1-жүргізуші:
Ән:
Би:
Көрініс:
— Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым, енді сіздерге Жаңа жылды шақырып берейін. Сіздер менімен бірге дауыстаңдар жарай ма! Жаңа жыл, Жаңа жыл,……
— Жаңа жыл /Айбек/:
Сәлем балалар!!!
Қуанатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын!
Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып қалды. Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
(қолдарын бұлғап шығып кетеді)
1 жүргіуші:Аяз ата сізге көп-көп рахмат. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз.Қош сау болыңыз!!
Балалар: — Сау болыңыз !!!
2жүргізуші:
— Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…
1 жүргіуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Доңыз жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
2 жүргізуші:
Ән. Орындайтын 9 сынып қыздары
2жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады. Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау