Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Биыл ҰБТ-ны қандай өзгерістер күтіп тұр

Асхат Аймағамбетовтың жазуынша, ең біріншісі және маңыздысы - ҰБТ форматы бұрынғыша қалады, яғни ешқандай өзгеріс болмайды.  Тапсырылатын пәндердің саны бұрынғыдай - бесеу, тесттік тапсырмалардың саны - 120, максималды балл - 140.

Абитуриенттің дәстүрлі түрде 3 негізгі пәннен білімі тексеріледі. Олар: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Қалған екі пән таңдаған мамандық бойынша болады.

2019 жылдың қаңтарынан бастап, ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізіледі. Еске сала кетсек, бұған дейін түлектер ұлттық тестіні үш рет: маусым, тамыз және қаңтар айларында тапсырып келген болатын.

Айта кетейік, қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ үміткерге жоғары оқу орындарының тек ақылы бөлімдеріне түсу құқығын береді. Ол ҰБТ-ларға қатысудың өзі де ақылы. Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификат беріледі. Ол сертификаттар грант алуға жарамсыз.

Егер үміткер мемлекеттік грантты алуға ниет білдірсе, онда ол ҰБТ-ны маусым айында тапсыруы тиіс. Тек сол тестілеудің қорытындысы бойынша ол гранттық байқауға қатыса алады.

Ақылы бөлімге түсу үшін үміткерлерге 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның біреуіне ғана қатысып, шекті балға қол жеткізсе жетіп жатыр. Мысалы, қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысып, 120 балл жинаған абитуриент 1 ақпанда қалаған университетінің қабылдау бөліміне жүгініп, ақылы бөліміне шартты түрде тіркеле алады. Ал егер ол грант алуға ниет білдіріп, маусым айындағы ҰБТ-ға қатысып, 50 балл жинаса, ол қаңтар айындағы 120 балл алған көрсеткішімен грантқа үміткер бола алмайды. Грантқа түсу үшін маусын айындағы ҰБТ қорытындысы маңызды болғандықтан, ол тек ақылы негізде оқуға қол жеткізеді.

Қаңтар айында ҰБТ-ға 3 санаттағы ниет білдірушілер қатыса алады:

  1. 11 және 12 сынып оқушылары;
  2. Қыркүйек айында университетке шартты түрде қабылданғандар;
  3. Шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқан студенттер.

Наурыз айында тек 11-12 сынып оқушылары ҰБТ-ға қатыса алады.

Маусым айында грантқа үміткер барлық санаттағылар ҰБТ-ға қатысу мүмкіндігіне ие.

Тамызда да ақылы бөлімге түсушілер және осыған дейін талап етілетін қажетті балды жинай алмағандар бағын сынай алады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь