«Тауағаш орта мектебі» КММ-де 28.12.2018 ж. сағат 16:00 де «Таңғажайып Жаңа жыл – 2019 » атты 6-11 сыныптар арасында кешкі концерттік бағдарлама өтті. Кеште қыз балалар әдемі көйлектерімен келсе , ал ұл балалар классикалық үлгідегі жана жылдық киімдермен келді.Концерттік бағдарламада оқушылар би билеп, ойын ойнап, ән шырқап және сахналы көріністер койылды. Кештің соңында «Кеш Ханзадасы мен Кеш Ханшайымы » анықталды. Кеш Ханшайымы 7- сынып оқушысы Ерсайын Аружан , ал Кеш Ханзадасы 8 – сынып оқушысы Қайролла Ойрат. Концерттік бағдарламадан кейін Аяз Ата мен Ақшақар қызбен оқушылар естелік фотаға түсті
Жауапты мұғалім: А.У Тогаев


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау