Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

«Таңғажайып Жаңа жыл!» атты мерекелік шара

«Тауағаш орта мектебі»
2018-2019 оқу жылы
Бастауаш сыныпта өткен жаңа жылдық мерекенің ақпары

     2018 жылдың 27 желтоқсанында «Тауағаш орта мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар мен 5-сынып аралығында «Таңғажайып Жаңа жыл!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекеге Аяз ата, Ақшақар, Маша, Ит, Санта Клаус  кейіпкерлері қатысты. Көрермен ретінде ата-аналар мен жоғарғы сынып оқушалары, ұстаздар қатысты. Аяз ата келіп, шырша шамын жақты. Маша жаңа жылдың ең негізгі сыйлығын бермей,оқушыларға өзінің көптеген шарттарын орындатты. Әр сынып өз өнерлерін көрсетті. 1-3-сыныптар жаттаулар мен ән айтса, 4-сынып би билеп, 5-сынып жайдарманнан қызықты үзінділер көрсетті. Барлық оқушы хормен дөңгеленіп жаңа жылдық әндер шырқады. «Ақшақарлар» биі, «Флеш Моб» биі биленді. «Жұмбақ әуен», «Артық ойыншық»ойындары ойналды. Балалар кешті көңілді өткізді. Мереке соңында Аяз ата балаларға сыйлықтарын таратты. Ата-аналар жаңа жылға тілек айтты.

 

 

                                                        Бастауыш сынып мұғалімі: Аргимбаева А.Е.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь