ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай спорттық іс-шара өтті
Өрнек негізгі мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай спорттық іс-шара өткізілді.Әділқазылар сайланып,жарысқа 4 команда қатысты.Әр команда өз жылдамдықтарын, шеберліктерін және өнерлерін көрсетіп, тиесілі орындарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.Өз командаларына жанкүйер болып келген қауым, жақсы әсер алып қайтты.