14.12.2018жылы Тауағаш орта мектебінде «Тәуелсіздік тұғырым» атты Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директорының міндетін атқарушы Аргимбаев А.Ж. құттықтады, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерін Тәуелсіздік күніне орай мадақтамамен марапаттады. Осы күні «Жас Ұлан» ұйымына 11 бала салтанатты түрде қабылданды. Оқушылар Тәуелсіздік күніне арнап өз туындыларын оқыды. М.Жұмабаевтың 125 жылдығы аталып өтіп, «Сағындым» өлеңі де оқылды. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысты, өз өнерлерін жан-жақты көрсетті. Қазақша би билеп, әндер орындалды. Бастауыш сынып оқушылары мен 5-6 сынып оқушылары Қазақстан жайлы хор орындады. Салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Мектеп директорының м.а.:Сагандыкова Ж.С.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау