акцияның көлемінде өткен іс-шараларың есебі |
«Ақтас негізгі мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылы
Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады, керісінше жанұядағы жақсы қарым-қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі. Баланы түзу өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан-жақты дамуына игі әсер етеді. Сондықтан да бала тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанын ұйымдастырылып, іс-шаралар өткізілді. «Түнгі қаладағы балалар» рейді ұйымдастырылды. Ата-аналарға арнайы «Балалар бақытты болсыншы» атты пресс-конференция өткізіліп, онда ата-аналармен қарым-қатынас арасындағы көкейтесті сұрақтар талқыланды. Мектеп психологы «Сенің өміріңе төнген қауіп-қатер бар ма?»
7-9 сыныптар арасынан сауалнама алынды.
Мектеп кітапханашысы «Әлемді бірге сақтап, балаларды қорғайық» атты көрмені кітапханада ұйымдастырды. 5-9 сыныптың сынып жетекшілері «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты сынып сағаттарын өткізді. Сынып жетекшілер балаларға түсінікті болу үшін сөйлейтін сөздерін, сұрақ-жауап ойынын, ойын түрлерін дайындады. Әлеуметтік ұстаз 5-9 сынып аралығында «Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған» атты бейнежазба көрсетілді.Мұнда балалар көптеген жаңа мағлұматтармен танысты. «Әрқашан күн сөнбесін» плакаттар сайысы 5-9 сыныптар аралығында өткізілді. 1-5 сыныптар аралығында эстафеталық ойындар ойнатылды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау