Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

«Тұмау - жұқпалы ауру » әңгіме

 

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылы
 
Әңгіме:  «Тұмау  - жұқпалы  ауру  »

Өткізген күні: 13.11.2018 ж.

Қатысқан сыныптар: 6,7,8 сыныптар

Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін, дені  сау ұрпақ  ертеңгі  елдің   болашағы  екендігін  түсіндіру.
Тұмау - өте көп таралған жұқпалы ауру. Онымен бір уақытта өте көп адам ауырады, өйткені ауру жылдам тарайды. Өмірінде тұмаумен ауырмаған бірде - бір ересек адам жоқ болар. Бұл аурудың аты француз тілінде «гриппе» - жаулап алу деген сөзден шыққан.  . Тұмаудың қоздырғышы - бірнеше түрлі вирустар . Екі - үш жылда бірнеше рет қайталанып тұруы және оны әр жағдайда әр түрлі вирус туғызуы мүмкін.
Тұмауға жеңіл - желпі ауру деп қарау қате әрі зиянды. Ол жұқпалы да қатерлі сырқат. Халық арасында «Тұмау түбі – құрт» деп бекер айтылмаса керек. Себебі, бұл ауруда уақытылы алдын алып, ем жолдарын қолданбаса, түрлі қосымша дерттердің тууына және асқынуына әкеліп соқтыруы ықтимал.Тұмау науқас кісіден сау адамға вирус арқылы жұғады. Яғни, инфекция көзі – ауру адам. Ол тыныс жолдарының жоғарғы жағына күшті зақым келтіреді. Тұмаумен ауырған адам жиі түшкіріп, жөтеледі де, оның сілекей тамшыларындағы вирустар жан - жаққа шашырап тарайды. Ауру адам сөйлегенде, түшкіргенде және жөтелгенде вирус оның демімен ауаға шығып, сау адамның тыныс жолдарына түседі.
Тұмаудың бірінші белгілері бір - екі күнде санаулы сағаттың өзінде байқалады.
бірден  қатты басталады. Ауруға шалдыққан адам қалтырап тоңады, денесінің ыстығы 38 - 40 градусқа дейін көтеріледі, басы ауырып, кейде құсады,дел-салболып,мұрны бітіп қалады,науқас  жиі түшкіріп жөтеле бастайды.
Дер кезінде дәрігерге көрініп, оның тағайындаған, емін бұлжытпай орындаса, әдетте, 3 - 4 күннен кейін ауру адамның ыстығы  түседі,тәуір болады.

                                                                                                                                           Өткізген: медбике КазбековаК.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

,

здап сырқырайды, дел - сал болып, терлей береді, мұрны бітіп қалады, қан қысымы төмендейді және науқас жиі түшкіріп жөтеле бастайды. Тамақтың жыбырлап ауруы және жөтелу сияқты тұмауға тән белгілер көбінесе ауру басталғаннан кейін байқалады.
Құрғақ жөтел екі - үш күннен кейін пайда болады. Мұндай кезде ауыз - мұрынының айналасы қызарып, ашып мазалайды.

Тағы бір ескеретін нәрсе, тұмауға жас балалар, қарттар кеш шалдығады. Сондықтан, мұндай жастағылардың бойында басқада бір аурудың түрі болса, ол осы тұмаудың әсерінен асқынып кетуі ғажап емес. Тұмау әсіресе, жасы ұлғайған қарт адамдарға өте қауіпті, өйткені олардың ағзасының жас ад

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  1. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
    4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
     5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
       Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
     Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
     Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
     . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

Медбике: - Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек..

Шығармашылық жұмыс
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
 Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
 Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5..Ауру атанды да шөктірер.
6.Қотыр қолдан жұғады,
   Таз тақиядан жұғады.
7.Бас ауырса жан қорқады.
8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
   Шыбын бар жерде - шығын бар.
9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10.Жан ауырса - тән азады,
   Қайғы басса - жан азады.
11.Өліспеген көріседі.
12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,
   Қойдың ойлағаны - амандық.
13.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
14.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.
15.Қасапшыға мал қайғы,
   Қара ешкіге жан қайғы.
16.Емнің алды - еңбек.
17.Ауру желмен келіп, термен шығады.
18.Аман болса бұл басым,
   Тағы шығар бұл шашым.
19.Азған денеге ауру үйір.
20.Қайғы қартайтады,
   Қуаныш марқайтады.
Сергіту сәті
Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   
ем, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді..
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры

Қорытынды: Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.
Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен. Е - Емнің алды – еңбек. Н - Негізгі байлық - денсаулық. С - Саулық - байлық негізі. А - Ас – адамныңарқауы. У – Уланудан сақтан. Л - Ластың досы - шыбын. Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.  Қ - қотыр қолдан жұғады.
Медбике: - Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар. .


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь