06.11.2018 жыл «Тауағаш орта мектебі»КММ мектеп ұстаздары ұжымы қатысуымен «Блум таксономиясы негізінде тапсырмалар құрастыру» тақырыбында треннг арқылы коучинг өткізілді.Қатысушылар жоспарға сай үш топқа бөлінді. Жұмыс «Блум таксономиясы ойлау деңгейлеріне сәйкес ұйымдастырылды.Үшінші топ «Жинақтау». «Бағалау» деңгейлері бойынша тапсырмалар орындауда қиындықтарға ұшырады.келесі топтар толықтырулар мен ұсыныстар жасап нәтижеге жетіп отырды. Жұмыс соңында қатысушылардың берген кері байланысынан тақырыптың қажет екені,өзекті болғаны аңғарылды. «Блум» ойлау деңгейі сұрақтар үлгілері, етістіктер орынды ұсынылып, тапсырма құрауға көмек болғаны айтылды. Қатысушылар теория мен практиканы ұштастыра нәтижелі жұмыс жасады. Уақыт шегін сақтап осындай жұмыстарды жиірек ұйымдастырса деген ұсыныстар болды.
Сиванбаева Ш.Е.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау