Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

50 мыңнан астам қазақстандық педагог біліктілік тестілеуінен өтті Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/50-mynnan-astam-kazakstandyk-pedagog-biliktilik-testileuinen-otti_a3450273

АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі педагог мәртебесін жоғарылату мақсатында аттестаттаудың жаңа түрін енгізген болатын. Тестілеу ағымдағы жылдың 3-5 қараша аралығында жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Елбасы тапсырмасы: «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасын дайындау басталды Еліміздің барлық өңірінен 51 271 мұғалім «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-модератор», «педагог-шебер» санаттарын алу мақсатында тестілеуге қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Орта білім беру ұйымдарының педагогтары Ұлттық біліктілік тестілеуін 36 ЖОО, 2 колледж және 27 мектепте ұйымдастырылған пунктілерде тапсырды. 34 185 педагог тестілеуді сәтті тапсырды, оның ішінде: «педагог-модератор» - 10346 (72%), «педагог-эксперт» - 12215 (65%), «педагог-зерттеуші» - 10957 (65%) және «педагог-шебер» - 667 (53%). Өткен тестілеумен салыстырғанда қараша айындағы тестілеуде шекті деңгейден өткен педагогтардың саны артқанын байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты өседі. Ұлттық біліктілік тестілеуі - сұрақ кітапшасы мен жауап парағын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын кешенді тестілеу. «Оқу әдістемесі мен педагогика» модульдері бойынша әзірленген сұрақтардың 70 пайызы пәндік білімге және 30 пайызы педагогика мен әдістемеге бағытталған.  


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/50-mynnan-astam-kazakstandyk-pedagog-biliktilik-testileuinen-otti_a3450273


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь