Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ФОРУМЫНДА МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ФОРУМЫНДА МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазан айының басында Алматыда «Үздіксіз білім беру проблемалары: дәстүр мен мен инновациялар» атты халықаралық форум өтті. Оған жергілікті және шет елдік университеттердің тоқсаннан астам университет өкілдері қатысып, мұғалім мәртебесін көтеру мәселесін талқылады. Форум Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагикалық университетінің  90 жылдығы аясында, Білім және ғылым министрлігі, Педагогикалық университеттер Еуразиялық қауымдастығының қолдауымен өтті. Қатысушылар арасында Қазақстан, Франция,  Австрия, Польша, Чехия,  Түркия, Украина, Кипр, Болгария, Армения, Ресей, Белорусь, Қырғызстан секілді көптеген елдердің ректорлары мен профессорлары бар. Барлық баяндамалар мұғалім мәртебесін көтеру мәселесіне келіп ойысты. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазан айында жасаған жолдауында баса айтылған еді.

ВИЦЕ-МИНИСТР АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ СӨЗ АЛДЫ
Вице-министр Асхат Аймағамбетов сөз алғанда Елбасы биыл мақұлдаған академиялық еркіндік туралы заңға баса назар аудару керектігін алға тартты. Бұл заңмен қатар, жетпістен астам норматив-құқық құжаттары жасалды (заң жазылу барысында). Бұл құжаттар жоғары оқу орындарына жан-жақты мүмкіндіктер берді.
- «Біздің ғалымдар мен мамандар дайындап, Елбасы жүктеген міндеттер білім саласының қарқынды дамуына жол ашады. Енді министрлік тарапындағы көптеген құзіреттер жоғары оқу орындарына беріледі. Шын мәнінде университеттер өзін-өзі басқарып, студенттерге баса назар аударуы керек. Осы бағытта өзгерістер жүріп жатыр», – деді ЖОО ұйымдастыру-құқықтық құрылымына өзгерістер енгізілуі туралы түсіндірген Асхат Аймағамбетов.

 

 

 

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь