Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» мектеп бітіру іс-шарасы төңірегінде «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өтті. Жиында Есіл аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Кемел Жеңіс Болатханұлы және Спасовка селолық округінің әкімі Аргимбаев Алтай Жұматайұлы сөз сөйледі. Ардагер ұстазымыз Мустафина Асия Балтабековна әріптестерді, түлектерді құттықтады. Мектепке ардагер ұстаздар атынан естелік ретінде «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» тақырыбындағы банер тарту етті. «Өз мектебіңе көмектес!», «Түлек – сүйікті мектепке!» акциялары төңірегінде 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер мен 2018 жыл түлектері мектеп ауласына шырша отырғызды. Жас түлектер атынан мектепке «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты банер сыйға тартылды. Мерекелік бағдарлама дайындалып, мектеп түлектері ұстаздарына, ата-аналарына арнап жүрек жарды тілектерін айтып, ән-би орындады. Мектеп директоры жас түлектерге сәт сапар тілеп, оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларды, жыл бойғы жетістіктері үшін мектеп ұстаздарын мақтау қағаздарымен марапаттады. Республикалық ардагер педагогтар қауымдастығының төсбелгісін Копеева Алма Ералимовнаға табыстады. Мереклік іс-шараға қатысқан ата-аналар өз ризашылығын білдірді.
Дайындаған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аргимбаева А.Е.








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау